Bugin
Нұр-Сұлтан қаласындағы Бас мешіттің ашылу салтанатына Қазақстанның Тұңғыш президенті, қазір қатардағы зейнеткер Нұрсұлтан Назарбаев келді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Естеріңізге сала кетейік, Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысына алғашқы кірпішті қалаған Нұрсұлтан Назарбаев еді. Бір қызығы, бұл оның Қазақстан президенті қызметінен кеткеннен бір күн бұрын болған.
Айта кетейік, мешіттің ашылуына бұрынғы премьер-министр Мамин, Алматы облысының экс-әкімі Амандық Баталов және басқа да бұрынғы және қазіргі шенеуніктер қатысуда.