Әлем
Желіде Солтүстік Корея көшбасшысының әпкесі Ким Е Чжон ағасы Ким Чен Ынның COVID-19-бен қалай ауырғанын айтқан видеосы тарады. Оның әңгімесі жиналған шенеуніктер арасында күшті эмоциялар тудырды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Солтүстік Корея көшбасшысының әпкесі Солтүстік Кореяда коронавирус індеті тараған кезде Ким Чен Ынның «ауыр науқасты» басынан өткергенін айтқанда шенеуніктер көздеріне еріксіз жас алды. Шенеуніктердің бұл ақпаратқа реакциясы видеоға түсірілген.
Ким Е Чжонның айтуынша, тұрақты «бас жауы» - Оңтүстік Корея билігі. Ол Оңтүстік Кореядан КХДР-ға «қатерлі вирус» тарайтын парақшалар мен заттар жіберіліп жатқанын атап өтті.