Bugin

Хаменованы үй қамауына жіберу туралы өтініш қанағаттандырылмады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бақытгүл Хаменова сот залынан үй қамаққа жіберілген жоқ. Сот адвокаттың айыпталушыны үй қамауына ауыстыру жөніндегі өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұған дейін Бақытгүл Хаменованың адвокаты айыпталушыны үй қамағына ауыстыруда сұраған еді.

Алайда сот адвокаттың бұл өтінішін қанағаттандырған жоқ.

Бұған дейін 11 тамызда Атырауда облыс әкімінің орынбасары болған Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пен «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамовқа қатысты сот өткенін хабарлаған едік.

Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевтың ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен тергелген. Ал, «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов ҚР Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігімен тергеуге алынған.

Сотта Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамады. Оның ісіне қатысты айыптау актісі 55 бетті құраған.

Енді сот отырысы бүгін, 12 тамызда қайта жалғасты.