Спорт

Зүлфия Чиншанло алтын медаль иеленді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ауыр атлетикадан Қазақстан спортшысы Зульфия Чиншанло Түркияда өтіп жатқан жарысқа қатысып, үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ол 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.

Қоссайыс қорытындысы бойынша спортшы 220 (95+125) келі салмақты игерді.

Сондай-ақ, Чиншанло серпе көтеру мен жұлқи көтеруден де үздік шығып, кіші алтын медаль иеленді.