Әлем
Еуропалық Одақ Сербия мен өзін-өзі жариялаған Косово Республикасының билігінің арандатушылық мәлімдемелеріне алаңдаулы, бұл Брюссельдің пікірінше, аймақтағы шиеленісті күшейтуі мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Соңғы уақытта Косово мен Сербия шенеуніктерінің арандатушылық риторикасының көбеюі, әсіресе Батыс Балқандағы соғыс пен қақтығыстар туралы мәлімдемелер елеулі алаңдаушылық туғызады. Екі жақтың жоғары лауазымды саясаткерлері шиеленістің артуына әкелетін кез келген мәлімдемесі үшін жауапты болады, - делінген құжатта.
ЕО екі тарап қауіпті әрекеттер мен мәлімдемелерді дереу тоқтатып, жауапкершілікті көрсетуі керек деп санайды. Брюссель Еуроодақ аясындағы тараптардың диалогы барысында барлық даулы мәселелер талқыланады деп күтуде.
ЕуроОдақ дипломатиясының басшысы Хосеп Боррел бұдан бұрын Брюссельде Сербия президенті Александр Вучич пен өзін-өзі жариялаған Косово Республикасының «премьері» Альбин Куртидің қатысуымен келіссөздер 18 тамызға жоспарланғанын айтқан еді.