Bugin

Тағы бір аутист бала жоғалып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өскеменде аутизмге шалдыққан 12 жастағы бала жоғалып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2010 жылы туған Тамирлан Ахмеджанов 14 тамызға қараған түні сағат 02:30 шамасында үйінен шығып кеткен. Іздестіруге көмектесуін өтінген оның туыстары түскі сағат үште полицияға жүгінген.

Бұл сигналды алған полиция дереу іздеу жұмыстарын бастады, оған құтқарушылар, кинологтар, ҚР ҰҚК, еріктілер де тартылды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, квадрокоптер тартылып, үйді аралау жүргізілуде.

Бала тұратын Согра ауылында еріктілер жапсырған парақшаларда оның аутист екені, сөйлемейтіні, эпилепсиямен ауыратыны көрсетілген.