Спорт

Қазақстан Исламиада ойындарында 16 алтын жүлде алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркияның Кония қаласында өтіп жатқан V Ислам ынтымақтастық ойындарында ел қоржынына тағы 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде түсті, деп жазады Bugin.kz порталы.

2 алтын мен қола медаль суға жүзушілердің еншісінде болса, 2 күміс жүлдені отандастарымыз ауыр атлетикадан өткен сында жеңіп алды.

Суға жүзушілер София Әбубәкірова (50 метр) мен Әділбек Мусин (100 метр) алтын медаль жеңіп алса, Ксения Игнатова қола жүлдені иеленді. Ауыратлетші Айша Омарова (81 кг) серпе көтеруде 128 киломен күміс медаль алып, қоссайыс қорытындысында 226 киломен күміс жүлдегер атанды.

Осылайша Қазақстан құрамасы 16 алтын, 15 күміс және 26 қола жүлдемен әзірге бесінші орында келеді.