Ақтөбеде көлік апатынан төрт адам көз жұмды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтөбенің Покровка – Жаңажол тасжолында жол апаты болып, 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Покровка – Жаңажол автожолының 75-шақырымында орын алған жол апаты салдарынан төрт адам мерт болды.

«Темір қаласынан Кеңқияқ ауылы бағытында келе жатқан ВАЗ-2113 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, Мұғалжар ауданының 50 жастағы тұрғынының басқаруындағы КамАЗ көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2113 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар жеңіл автокөліктің тағы бір жолаушысы Кеңқияқ ауылының ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61