Bugin

Болат Назарбаев пен бұрынғы әйеліне қатысты сот шешімі шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі Гүлнұр экс-жұбайының тегінде қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Зәуре Кейкібасова Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі Гүлнұрға және Алматы облысы Жамбыл ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне жолдаған өтінішін қарады. Экс-президенттің інісі сот арқылы кәмелетке толмаған екі баласының анасын тегінен айыруға тырысқан еді.

Болат Назарбаев пен Гүлнұр Дүйсебаева некені 2009 жылдың 25 тамызында Алматы облысы Жамбыл ауданының АХАЖ бөлімінде тіркеді. Олардың кәмелетке толмаған екі баласы бар. Некені тіркегеннен кейін әйел күйеуінің тегін алды. 2013 жылы ол жеке куәлігін, ал 2018 жылы Гүлнұр Назарбаеваның атына төлқұжат алды.

2021 жылғы 18 Наурызда Қарасай аудандық соты ерлі-зайыптылар арасындағы некені жарамсыз деп таныды. Неке бұзылғандықтан, Назарбаев бұрынғы әйелі енді оның тегін алуға құқығы жоқ деп есептеп, соттан тегін өзгерту туралы акт жазбасын жоюды және Гүлнұр Назарбаеваның құжаттарын жарамсыз деп тануды сұрады. 2021 жылғы 28 қыркүйекте сот Болат Назарбаевтың талабын қанағаттандырды.

Алайда Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бұл шешімнің күшін жойып, Гүлнұр бұрынғы жұбайының тегінде қалды. Бұл ерлі-зайыптылардың тегін некеге дейінгі адамға ауыстыру мәселесін сот жеке сот ісін емес, некені жарамсыз деп тану кезінде шешетіндігіне байланысты.

Бірақ Болат Назарбаев Гүлнұрды өз тегінен айыруға бел буды, нәтижесінде іс Жоғарғы сотқа дейін жетті.

«Өтінішхатта талапкердің өкілі материалдық және процестік құқық нормаларын дұрыс қолданбауына байланысты апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымымен келіспей, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыра отырып, оның күшін жоюды сұрайды», – делінген Сот құжатында.

Бірақ судья Кейкібасова Жоғарғы соттың істі қайта қарауына негіз жоқ деп санайды, өйткені апелляциялық сот дұрыс шешім қабылдады.