Спорт

«Головкин – өзімшіл»: Канело Головкиннің намысына тиетін сөздер айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мексикалық Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинге намысына тиетін сөздер айтты, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы «Marca» басылымына сілтеме жасап.

«Головкин –  өзімшіл. Кадрдан тыс адамдардан оның қандай екенін сұрап көріңіздер. Ал камера қосылса, ол өзін жақсы адам сияқты көрсетеді. Мен екі жүзді адамдарды жек көремін. Егер олар мені ақымақ десе, дей берсін. Мен өзімнің қандай екенімді білемін», –  деді. 

Оған қоса «Канело» отандасымызды не үшін жек көретінін де айтты.

«Ол мені арам, алаяқ деді. Ол менің командам елімді масқара қылып жатыр деді. Міне, осы үшін мен оны жек көремін», –  деді Сауль Альварес.

Еске сала кетейік, Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші кездесу 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтеді.