Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАқмола облысындағы Аршалы кентінде кәмелет жасқа толмаған қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Полицейлер күдіктіні уақытшы ұстау изоляторына қамаған сәтті көрсетті.
Ресми мәліметке сәйкес, 13 тамызда Аршалының полиция бөліміне 12 жастағы қызды зорлау фактісі туралы арыз түскен. Тәртіп сақшылары бірден жедел іздестіру шараларына кірісті. Күдікті сол күні ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
«Ұсталған адамның кінәсі дәлелденсе, 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - дейді полицейлер.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61