Bugin

Оқу жылы ұзартыла ма?: Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығы шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оқу-ағарту министрлігі орта мектептерде оқу жылын 2 аптаға ұзарту туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында жаңа оқу жылының ұзақтығы бірінші сынып оқушылары үшін - 35 оқу аптасын, 2-11 сыныптар үшін 36 оқу аптасын құрайтындығы жарияланды», - делінген ведомствоның Telegram-каналында жарияланған ақпаратта.

Сонымен жаңа оқу жылында демалыс мынадай болады:

- күзгі демалыс – 7 күн (2022 жылдың 31 қазаны мен 6 қараша аралығы);

- қысқы демалыс – 9 күн (2022 жылдың 31 желтоқсаны мен 2023 жылдың 8 қаңтары аралығы);

- көктемгі демалыс – 9 күн (2023 жылдың 18-26 наурызы аралығы).

1 сыныптарға 7 күн қосымша демалыс қарастырылған (2023 жылдың 6-12 ақпаны аралығы). Ал жазғы демалыс 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін болады.

Оқу-ағарту министрінің бұйрығы тіркеу үшін Әділет министрлігіне жолданды.