БІЛІМ
ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ұлының мектеп формасын қайдан және қанша теңгеге алғанын айтты, деп жазады Bugin.kz порталы.
Министрдің айтуынша, әзірге мектеп жасындағы бір баласы бар.
«Осы демалыста баламды ертіп дүкенге бардым. Бірнеше ақ жейде, шалбар, костюм, галстук алдық. Бағасына келсек, 35 мыңға жуық ақша кетті. Қайдан десеңіздер, «Гласман» атты дүкенге барып, жұртпен бірге кезекке тұрып, 36-өлшемді киім алып қайттық. Барлық отбасылар секілді біз де мектепке дайындықты бастадық», - деді министр.