Bugin

Елімізде бірқатар азаматтарға несие алуға шектеу қойылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарызынан құтыла алмай жүргендерге несие алуға шектеу қойылады. Азаматтардың банктер мен микроқаржылық ұйым алдындағы берешегі 5 млн теңгеден аспаса, соттан тыс банкроттық жариялай алады. Парламент қарауында жатқан бұл жаңа заң жобасы туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп жазады Bugin.kz порталы halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.

Ал берешегі 5 миллион теңгеден асқан жағдайда сот арқылы банкроттық жариялауға тиіс. Тұрақты табысы болған жағдайда 5 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылады.

Мамандардың айтуынша, заң жобасындағы жаңа өзгерістер халықаралық тәжірибеге сүйеніп жасалған.

«Өзін банкрот ретінде жариялаған жеке тұлға 7 жыл бойы қайтадан осындай рәсімге жүгіне алмайды. Яғни өзін банкрот деп жариялай алмайды. Одан бөлек, ол 5 жыл бойы несие ала алмайды, сонымен қатар осы жеке тұлғаға қатысты өкілетті орган тиісті қаржылық мониторинг жүргізіп отырады», - дейді Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева.