Bugin

Midjorney нейрожелісі «қанды қаңтар» оқиғасын бейнеледі (фото)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Midjorney нейрожелісі «қанды қаңтар» оқиғасын бейнеледі, деп жазады Bugin.kz порталы.

Еске салайық, 2022 жылы Қазақстанда қаңтарда наразылық пен тәртіпсіздік орын алған еді. 2 қаңтар күні Жаңаөзенде жүздеген адам сұйытылған газ бағасының 60 теңгеден 120 теңгеге қымбаттауына қарсы наразылыққа шықты. Жаңаөзендегі наразылыққа қолдауға елдің көп аймағы қосыла бастады.

5 қаңтарға қараған түні Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында төтенше жағдай жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ жиынында 5 қаңтарда басталған тәртіпсіздіктің мақсаты «билікті басып алу, басқару институттарын мен конституциялық құрылымды бұзу» және «мемлекеттік төңкеріске талпыныс» деп атады. Осылайша 13 қаңтардан бастап БҚО, СҚО және Павлодар облысында төтенше жағдай алынды.

Басқа фотоларды осы сілтеме арқылы көре аласыз.