Bugin

Балаға жеке меншік ретінде қарауға бола ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сіздің балаларыңыз өмірге келуді сұраған жоқ және оларға меншік ретінде қарауға болмайды. Әрине, балалар ата-анасын құрметтеп, бағалай білуі керек, бірақ бұл дүниеге келгені үшін мәңгілік қарыздар болуы керек дегенді білдірмейді.  

Ата-ана ретінде сіз балаларыңызды осы дүниеге әкелген адамсыз, бірақ бұл сіздің оларға ие екеніңізді білдірмейді. Оның үстіне, олар адам және ешқашан меншік ретінде қарастырылмауы керек. Әрине, ата-ана болу - қиын жұмыс. Алайда, олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгеннің бәрін жасауыңыз керек.  

Ішкі жан дүниеңізде арпалыс болып, ашуланып тұрсаңыз да оны балаларыңызға көрсетпеңіз. Оның орнына ойлануға уақыт бөліңіз. Сыртқа шығып немесе тыныш бөлмеге кіріңіз де жалғыз қалып, өзіңізді тыныштандыруға тырысыңыз.  

Әрине, кейде балаларыңыз сізді тыңдамаса ренжітуге құқығыңыз болуы мүмкін, бірақ оларға ашуланып бірден айқайлауға жол бермеуіңіз керек. Сондай-ақ, жан-жақты ізденіп, өзіңіз оларды жеткілікті түрде құрметтедіңіз бе соны сұраңыз. Мүмкін, қарым-қатынасыңызды қалпына келтіру үшін байыпты сөйлесетін уақыт келдген шығар. Ата-ана болудың ең қиын тұсы - қатаңдық пен көңілділік арасындағы тепе-теңдікті сақтау. 

Сіз балаларыңыздың өмірдің барлық саласында дамып, озық болғанын қалайсыз ба?  

Олар өз ойларын дұрыс жеткізе алмайтындай сезінбеуі керек, өйткені олардың қиындықтары туралы айтатын ешкімі жоқ.  

Біз бәріміз өмір тәжірибесінің мүлдем ерекше кезеңдерін бастан өткереміз, олардың кейбірін сипаттау қиын. Балаларыңызды заңды түрде менің меншігім деп санаған сайын, олар қартайған кезде сізге қарсылық көрсетіп, ұнатпайтын болады. 

Олар сізге өзін-өзі толық қамтамасыз ететін тәуелсіз тұлға екенін дәлелдеу үшін күреседі.  

Олардың бақытты адам болғанын қалайсыз ба? 

Оларды өзіңізге ұқсас адам ретінде тәрбиелеуге тырыспаңыз. Жәй ғана оған дамуына, өзін өзі қалыптастыруына мүмкіндік беріңіз! Олар өз жолын таңдап, тұлға ретінде дамитын жолын таңдай білсін. Олар сіз ойлағаннан да көп нәрсеге қабілетті. 

Иә, біз оларды өмірге әкелдік, жан-тәнімізбен жақсы көреміз, бірақ олар өмірге деген өзіндік көзқарасы бар тәуелсіз адамдар. Оларға солай қарайық, өйткені олар біздің болашағымыз.