Bugin

Елімізде ұн тапшылығы болуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

DataHub сарапшылары қазақстандықтар қантпен қатар ұн тапшылығына тап болуы мүмкін деген болжам жасады. Бұл туралы Bugin.kz порталы orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанда ұн өндірісі төртінші ай қатарынан азайып келеді. 2022 жылдың шілдесінде елде небәрі 182,7 мың тонна өнім өндірілді – бұл 2013 жылдан бергі ең нашар айлық көрсеткіш. Бұл ретте ұн бағасы қазірдің өзінде өсті: ең алдымен Нұр-Сұлтанда – бірден аптасына 5,9%-ға, одан кейін Ақтөбеде (4,3%-ға) және Атырауда (3,4%-ға).

Сарапшылар ай сайынғы өндіріс көрсеткіштері төмендегенімен, жалпы көріністің сәл басқаша екенін атап өтті. 2022 жылдың жеті айында Қазақстанда өндірілген ұн көлемі 1,8 миллион тоннадан асты, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 9,9 пайызға артық. Бірінші жартыжылдықта экспорт өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,2%-ға жоғары болып, 865,1 мың тоннаны құрады. Сатудан түскен кіріс те – 82,5%-ға өсіп, 334,2 млн теңгені құрады.

Сарапшылар бағаның өсуінен пайда табу үшін өндірісті ұлғайтып, тауарларын экспорттауды белсенді жүргізіп жатқан қазақстандық диірменшілер деген қорытындыға келді. Олар қазір саладағы мәселелерді көрсетіп, шаруаларға астықты арзандатылған бағамен сатуға міндеттейтін кез келді деп болжайды.