Саясат
Журналист пікірі
Бүгін «Говорит Москва» радиостанциясында журналист Сергей ДОРЕНКО Иосиф СТАЛИННІҢ мәйітін басқа жерге көмуді ұсынды. Ресейлік әріптесіміз бұл ұсынысын президент әкімшілігі мен үкіметке жолдады.
«Сталин Мәскеу орталығында жатыр. Демек Сталин тірі. Бұны дереу өзгерту керек. Сталин біздің бетіміздегі шіркеу. Сталин үшін әрбіріміз ұялуымыз керек. Бойымыздан күш тауып оның жауыз екенін мойындап, тазаруымыз тиіс», — деді радиостанцияның бас редакторы.
Бұл пікірді белгілі журналист Владимир ПОЗНЕР қолдады.
«Түбі Ресей Сталиннің қылмыскер болғанын мойындайды деп үміттенем. Және оны қолдаған халық өз жауапкершілігін сезінуі тиіс. Германияда оқушыларды фашизмге тек Гитлер ғана кінәлі емес, оны қолдаған халық та кінәлі деп үйретеді. Сталинге қатысты да осы позицияны ұстану қажет», — депті Владимир Познер өзінің ресми сайтында.
Бүгін ресейлік коммунистер жылдағы дәстүрлерінен айнымай Кремль қабырғасындағы Сталин бейітіне гүл шоқтарын қойды.