Қоғам

Қаңтарда құқық қорғау қызметкерлерінің қолынан 6 адам қаза тапқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Құқық қорғау қызметкерлерінің рұқсат етілмеген жауап алу әдістерін қолдану салдарынан жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу бойынша күдікті 6 адам қаза болғаны тергеумен анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

"Құқық қорғау қызметкерлерінің рұқсат етілмеген жауап алу  әдістерін қолдану салдарынан жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу бойынша күдікті 6 адам қаза болғаны тергеумен анықталды. Бұл фактінің барлығы арнайы прокурорлармен жан-жақты тергелуде, 15 құрылымдық күш қызметкерлері күдікті ретінде танылды, оларға түрлі бұлтартпау шаралары таңдалды", - деді ол.

Қилымжанов Талдықорған қаласындағы блок-бекеттерде және әскери бөлімнің жанында, сондай-ақ Алматы қаласындағы алаңда жекелеген азаматтардың қаза болуына әкеп соққан, өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін бірқатар әскери қызметкер қылмыстық жауаптылыққа тартылып жатқанын айтты.

"Бұл процестің қиындығын және тергеудің ауқымдылығын ескере отырып, қалған адамдардың қаза болу мән-жайлары және олардың өліміне кінәлі адамдарды анықтау жүргізіліп жатқан тергеп-тексерулердің аясында іске асып жатыр", - деді Елдос Қилымжанов.