Әлем
Бірқатар философтар мен саясаттанушылар Ресейдің 2025 жылға қарай ыдырап кететінін айтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.
Олар өз болжамдарын мынадай кезең-кезеңге бөліп қарастырған:
– 1905 жылы – Ресейдегі бірінші революция;
– 1917 жылы – Қазан төңкерісі және большевиктердің билікті басып алуы;
– 1929 жылы – Сталиннің кулактарға қарсы күрес жариялауы, бұл шын мәнінде елде жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанын білдірді;
– 1941 жылы – Ұлы Отан соғысының басталуы;
– 1953 жылы – Сталиннің өлімі және саясаттағы үлкен өзгерістер;
– 1965 жылы – КОКП Саяси бюро басшылығының ауысуы және Леонид Брежневтің 17 жылдық билігінің басталуы;
– 1977 жылы – КСРО жаңа Конституциясының қабылдануы және армян сепаратистерінің Мәскеу метросындағы алғашқы лаңкестік әрекеттері;
– 1989 жылы – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуы және Кеңес Одағының ыдырауының басталуы, Литва Сеймі КСРО-дан шығу үшін дауыс берді;
– 2001 жылы – Ресей президенті Владимир Путиннің «билік вертикалі» құрылысының басталуы және Ресейде мемлекеттік қауіпсіздік комитеті мен федералды қауіпсіздік қызметі билігінің жандануы;
– 2013 жылы – Киевтегі Майдан және Ресейдің Қырымды басып алуға дайындығы,
– 2025 жылы – Ресейдің біртұтас мемлекет ретінде ыдырауының басталуы.