Қоғам

Алматылық тұрғын 25-қабаттан құлап кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда Розыбакиев көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде 25-қабаттан әйел құлап кетті, деп жазады Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ақпарат расталды. Марқұмның жеке басы анықталды. Бостандық аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 105-бабы ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша соталды тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", - делінген хабарламада.