Bugin
Токио университетіне қарасты өнеркәсіп институтының ғалымдары азық-түлік қалдығынан цемент жасап шығарды. Бұл туралы Bugin.kz порталы springwise.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Профессор Юя Сакаи басшылық ететін зерттеу тобы ағаш күлінен құрылыс материалын дайындайтын «ыстық пресстеу» тәсілін пайдаланған. Теңіз шөптері, орамжапырақ қалдығы, апельсин, пияз, асқабақ пен банан қабығы кептіріледі. Кепкен қалдықтар престеледі. Бұл әдіспен дайындалған цемент сапасы қолданыстағы портлонд цементінен еш қалыспайды.
Азық-түлік қалдықтарын қайта өңдеуден бөлек жаңа әдістің пайдасы – жұмыс барысында көмірқышқыл газы аз бөлінеді. Егер бұл әдіс кеңінен қолданысқа енсе, құрылыс саласындағы «қатып қалған» қағидаларға өзгеріс әкелуі бек мүмкін. Токио университінің ғалымдары ойлап табылған әдіс құрылыс саласында және климат өзгеруіне қарсы қозғалыстарда маңызды орын алады деп күтуде. Бұл әдіс қолданысқа енгізілсе адамзат қолданыстағы цементке қажеттіліктен құтылады. Қазірде цемент жасап шығару үлесіндегі глобал карбонат ангридид қалдықтарының жалпы үлесі – 8 пайыз. Сондай-ақ бұл әдіс жылыжайдан бөлінетін газдың ең үлкен үлесін алып тұрған азық-түлік қалдығын дұрыс бағытта пайдалануға мүмкіндік береді.