Bugin

Министр студенттер үшін хостелдер мен қонақ үйлердің бағасын төмендетуді ұсынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақтандағы жоғарғы оқу орындарының тек 28-і ғана өз студенттерін жатын орынмен қамти алады. Демек 90 мыңға жуық студент жатақханасыз қалу қаупі бар. Осы орайда Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек хостелдер мен қонақ үйлердің бағасын тәлімгерлерге қолжетімді етуді ұсынуда. Бұл туралы Bugin.kz порталы Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ, министр теміржол мен әуе билеттерін бақылауымыз керек дейді. Алайда оны қай орган нақты қалай қадағалайтыны беймәлім. Еліміздегі жоғарғы оқу орындарының тек 28-і ғана өз студенттерін жатақханамен 100 пайыз қамтамасыз етеді. Ал Алматы мен елордадағы «Ұлттық» статусы бар ірі университеттерде жағдай мәз емес. Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбектің келтірген дерегінше, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде - 15 мыңнан астам, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде - 4 500, Гумилев атындағы университетте 5000 төсек-орын жетпейді.

Сондықтан министр үкіметтен білім алушылар үшін қонақ үйлер мен хостелдерде тұру бағасын реттеуді сұрады. Сондай-ақ, әуе, теміржол билеттерін қымбаттатпауды қадағалау керектігін айтты.

«Бұл - кешенді мәселе. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазақстан темір жолы» АА-мен бірлесіп, темір жол және авиакөлікпен жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша рейстерді қосу және билеттердің бағасын реттеу жөніндегі мәселені пысықтау туралы ұсыныс енгіземіз», – дейді ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек.