Bugin

Түркия президенті Украинаға барады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Владимир Зеленскийдің шақыртуымен Украинаға барады. Бұл сапардың негізгі мақсаты Түркия мен Украина арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңестің оныншы жиналысын өткізу. Бұл туралы Bugin.kz порталы TRT каналының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының хабарламасына қарағанда, Киевте министрлердің қатысуымен болатын кеңес жиналысында екі ел қатынастары қолға алынады. Ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылады. Кездесулерде сонымен бірге аймақтық және халықаралық мәселер де күн тәртібіне енгізілген.