Қоғам

Қазақстан адам өлімінің көрсеткіші бойынша 85-орында

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2022 жылға арналған өлім-жітім көрсеткіші бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 229 елдің ішінде 85-орынға ие болды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Ranking.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Қазақстан 2022 жылы өлім-жітім деңгейінің рейтингінде 225 елдің ішінен 85-орынға тұрақтады. Бұл шама 1 000 адамға шаққандағы өлім көрсеткіші бойынша түзілген. Қазақстан коэффиценті 8,11 болып тіркелді. Тізімнің ең басында Сербия, Румыния, Литва тұрса, ең аз көрсеткіш Катарға тиесілі», - делінген сараптамада.

Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 69,2 мың адам қайтыс болған. Бұл – былтырғы мөлшерден 9,6% аз.

«Өңірлер арасында Алматы облысында өлім-жітім көп тіркелді – 7,4 мың адам. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында өлім-жітім өзге өңірлерге қарағанда көп. Өлім-жітім ең аз тіркелген өңір – Маңғыстау (1,5 мың адам)», - деп жазады Ranking.kz.

Ресми дерек бойынша, елдегі өлім-жітімнің ең жиі кездесетін себебі – қан айналым жүйесінің аурулары. Бұл дерттен 15,6 мың адам көз жұмған.