Қоғам

4 тонна дизель отынын заңсыз тасымалдаған кәсіпкер ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қызылорда облысында 4 тонна дизель отынын тиісті құжаттарсыз өткізбек болған кәсіпкер оқиға орнында ұсталды. Бұл  туралы Bugin.kz порталы Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қызылорда облысында жеке кәсіпкер мұнай өнімдерін шығу заңдылығын растайтын құжатсыз көтерме саудада өткізгені үшін 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Кәсіпкер 4 тонна дизель отынын тиісті құжаттарсыз өткізбек болған жерінде ұсталып, тергеу барысында ол бұрын 93 миллион теңгеге өзі өткізген тағы 402 тонна жанармайдың шығу тегінің заңдылығын растай алмаған», - делінген ресми хабарламада.