Bugin
Адамның бейсанасында көптеген ойлар сақталып тұрады. Сол туралы бір рет болсын ойландыңыз ба? Егер жауабыңыз «жоқ» болса, бұл тестті тезірек өтіңіз. Дәл осы сұрақтар сіздің құпияңызды ашады.
Терең демалып алып, төмендегі сұрақтарға ұзақ ойланбай жауап беріңіз.
Сұрақтар:
1. Серуендеп жүргеніңізде, жолдан қорап тауып алдыңыз. Оны ашып қарадыңыз. Ішінде не бар?
2. Енді елестетіп көріңіз, дәл қазіргі уақытта зейнетке шығайын деп жатырсыз. Өміріңіздің соңына дейін қай жерде уақыт өткізгіңіз келеді?
3. Сіз адасып кетіп, шөл далада күні бойы қаңғып жүрсіз. Алыстан белгілі бір қала мен оазис көрдіңіз делік. Оазис су мен тамаққа, сонымен қатар өсімдіктермен көмкерілген. Қайда барар едіңіз?
4. Егер сіз барлық нәрсеңізді жоғалтып алсаңыз, не істер едіңіз?
5. Ертең жексенбі делік, не істеуді жоспарлап отырсыз?
6. Сіз көмек керек. Көмек сұрауға кімге немесе қайда барар едіңіз?
7. Егер сізге өміріңіздің соңына дейін бір ғана жасыңызды таңдаңыз десе. Қай кезді таңдар едіңіз?
8. Егер сізге 24 сағат қана өміріңіздің қалғаны белгілі болса, осы уақытты қалай өткізер едіңіз?
Жауаптар:
1. Қораптың ішіндегі зат сіздің қаншалықты сәттілікке жолығатын адам екеніңізді көрсетеді. Егер қорапта ештеңе болмаса, сіз өзіңізді сәттілікке жолығатын адам деп есептемейтініңіз. Ал егер қорапты ақша немесе ойыншыққа, жалпы кез келген затты толы деп есептесеңіз, онда сіздің нағыз жолы болғыш адам болғаныңыз.
2. Егер сіздің зейнетке шыққанда өміріңіздің соңына дейін болғыңыз келетін жер дәл қазір сіз тұрып жатқан жер болса, сіз дәл қазіргі өміріңізге разысыз деген сөз. Ал алыстау жерді таңдаған болсаңыз, сіздің романтикаға жақын адам болғаныңыз. Ал егер қайда баратыныңызды шешпеген болсаңыз, сізде белгілі бір қиындық бар.
3. Сіз оазисті таңдаған болсаңыз, онда сіз жұмыстағы көңіл-көтеруге жақын адамсыз. Ал сіздің қалаға баруды таңдағаныңыз, жауапкершілкке ден қоятын адам екеніңізді көрсетеді.
4. Егер сіз бәрін ақ парақтан бастаймын десеңіз, өзіңізге жауапкершілік ала алатын, сонымен қатар өмірдегі әртүрлі қиындықтарға реакцияңызды аса көрсетпейтін адамсыз.
5. Жексенбі күні немен айналысатыныңыз, сіздің финансқа байланысты әдеттеріңізді көрсетеді. Жексенбі – біздің қалағанымызды жасауға мүмкіндік беретін демалыс күні. Егер сіз уақытыңызды үйде өткіземін десеңіз, сіз ақшаны оңға, солға шашпайтын адамсыз. Ал егер сол күні физикалық жаттығулармен шұғылдануға бел бусаңыз, сіздің ақшаны ұқыпты және аздап жұмсайтыныңыз байқалады.
6. Егер сіз қиындықты өзім шешемін десеңіз, сіздің мықты, әрі өзіңізге сенетін адам болғаныңыз. Ал достарыңыз бен отбасыңыздың көмегіне жүгінсеңіз, сіз өзіңізге сенбейсіз деген сөз.
7. Ол жас сіздің ең бақытты сәттеріңіз өткен кез. Егер сіз балалық шақты таңдаған болсаңыз, бұл сіздің бала кезді сағынып жүргеніңізді көрсетеді.
8. Егер сіз бұл уақытты отбасыңызбен өткізетін болсаңыз, бұл сіздің сентиментальды адам екеніңіз. Ал сіз жалғыз қалуды қаласаңыз, бұдан бақытсыздау адам екеніңіз байқалады. Қызығы, сіз белгілі бір кеш ұйымдастырамын деген ойда болсаңыз, бұл сіздің өз өліміңізге сабырлықпен қарайтыныңыз.
Ал сіздің бейсанаңызда қандай ой сақталып жатыр екен?