Bugin

Германия Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Польшаға қосылып кеткен жерлерін қайтаруы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Польша Ұлттық банкінің басшысы Адам Глапински «Gazeta Polska» сайтына  берген сұхбатында айтып өткен, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

Оның мәлімдеуінше, егер келесі жылғы парламент сайлауы нәтижесінде экс-премьер-министр  Доналд Туск басшылыққа келсе, бұл болжам жүзеге асуы ықтимал.

Потсдам конференциясында қабылданған шешімге сүйенсек, Германияның шығысындағы бірнеше ауданы Польша құрамына қосылған. Олар: Шығыс Померания және Шығыс Бранденбург, Шецин аймағы, Батыс Пруссия және Силезиянның бір бөлігі,  Данциг және еркін қала атанған  Гданск.