Bugin

Конституция күніне орай неше күн демаламыз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

30 тамызда елімізде Конституция күні аталып өтеді. Мерекеге орай қазақстандықтар тамыз айының соңында қатарынан үш күн демалады. Тиісті ақпарат "Электронды үкіметтің" ресми порталында жарияланды, деп жазады Bugin.kz порталы.

Биыл 30 тамыз, Конституция күні сейсенбіге сәйкес келеді.

Қазақстандықтардың үш күн қатарынан демалуы үшін мереке алдындағы жұмыс аптасы ұзартылған. Яғни сенбі, 27 тамыздағы демалыс күні дүйсенбі, 29 тамызға ауыстырылды.

Осылайша, қазақстандықтар мемлекеттік мерекеге орай 28 тамыз бен 30 тамыз аралығында демалады.

Еске сала кетейік, еліміздің Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданған болатын. Бұл күні Қазақстанның барлық өңірі мен қаласында дәстүрлі түрде жаппай мерекелік іс-шаралар мен концерттер өтеді.