Спорт

Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінің екі дүркін чемпионын ұтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 9-ракеткасы, «Үлкен дулыға» жарыстарының екі дүркін чемпионы, испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездесті.

Е.Рыбакина бірінші партияда 5:1 есебімен алға кетті. Г.Мугуруса бір брейк жасағанымен, Елена сетті өз пайдасына шешті - 6:3.

Екінші партияда да Рыбакина 3:1 есебімен алға шықты. Тағы бір брейк - 4:1. Ақыры матчты тағы бір брейкпен тәмамдады - 6:1.

Айта кетейік, Елена Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы, америкалық Элисон Рискемен кортқа шығады.