Спорт

"Алтын доп" тізіміндегі үздіктердің есімі жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биылғы "Алтын доп" марапатына үміткер отыз футболшының есімдері белгілі болды, деп жазады Bugin.kz порталы.

Биылғы марапаттау ережелері біршама өзгерген. Енді футболшылар күнтізбелік жыл бойынша емес, маусым бойынша бағаланады. Катардағы әлем чемпионатындағы ойыншылардың жетістіктері осы маусымда қарастырылмайды. Сондай-ақ жаңа формат бойынша жеңімпазды бүкіл әлемнен жиналған 170 журналистің орнына 100 журналист анықтайды.

Көш тізімін "Реал Мадрид" капитаны Карим Бензема бастап тұр. Екінші орында француз футболшысы Килиан Мбаппе. "Ливерпуль" шабуылшысы Мұхаммед Салах, өз кезегінде топ-3-ті жабады.