Қоғам

Қарағанды полициясы Нұрсұлтан Назарбаевқа 1 миллион теңгеге жуық өтемақы төледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағанды облыстық Полиция департаменті лейтенант Нұрсұлтан Назарбаевқа негізсіз жұмыстан босатқаны үшін 923 мың теңге төлеп берді, деп жазады Bugin.kz порталы halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағандыда Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен аттас азамат тұрады. Ол полиция департаментінде қызмет етеді. 2020 жылы Назарбаев 13 және 27 сәуірде жұмысқа келмегені үшін қызметінен босатылды. Алайда ол облыстық Полиция департаментін сотқа берді. Тергеуші оның жұмысқа денсаулығының нашарлауына байланысты келмегенін анықтады.

Сот қызметтік тергеу кезінде полицейлердің әріптестеріне жасаған рапорты мен қызметтік тергеу нәтижесін тексерді.

Сараптама қолдан жазылған жазбалар әртүрлі қаламмен жазылғанын және әртүрлі принтерден басып шығарылғанын көрсетті. Сот жұмыс беруші еңбек заңнамасын бұзып, Назарбаевты жұмыстан заңсыз шығарған деген қорытындыға келді.

Сот шешімімен полицейдің қызметі қалпына келтірілді.

Қазіргі уақытта Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды қаласы полиция басқармасы Орталық полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі, аға полиция лейтенанты болып қызметін жалғастырып жатыр, – деді облыстық ПД бастығының орынбасары Ерлан Байженов.

Оған мәжбүрлеп жұмыстан шығарғаны үшін 923 442 теңге өтемақы төленді.