Bugin

Шығыс Қазақстанда археологтар жаңалық ашты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгілі қазақстандық археолог Зейнолла Самашев Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы қорғанды қазу барысында сақ тайпаларының алтын бұйымдары сақталған екі құпия бөлме тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жергілікті археологтардың бірегей олжасы туралы жазды. Ол Күршім өңіріндегі қорғанды қазу кезінде ат әбзеліне арналған алтын бұйымдар табылғанын хабарлады.

«Жылқының сақ тайпасынан шыққан адамға тиесілі екені анықталды. Бұл ерекше әшекейлер. Өкінішке қарай, қорғанның өзі тоналған, бірақ екі құпия бөлме сақталып қалған. Сонымен қатар алғаш рет қолдан жасалған металл үзеңгі табылды. Бұл олжалар қазір музейге қойылған», - деп жазды ол.

Оның айтуынша, аймақта қазба жұмыстары жалғасып жатыр. Осы жылдың қыркүйек айында мұнда «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық форум өтеді. Оған әлемнің жетекші ғалымдары қатысады.