Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Кейбір тарихи оқиғалар дәл күлкілі әңгіме іспетті әсер қалдырады. Соның бірі – Рим империясының аукционда сатылу оқиғасы.
Октавиан Август іс жүзінде алғашқы Рим императоры болды. Өзінің қайырымдылығы мен көптеген жақсы қасиеттерінің арқасында Сенатты іс жүзінде таратып, оны Рим империясының қарапайым институтына айналдырды. Дегенмен Сенатсыз саяси арена тек диктаторлардың кең мүмкіндік алатын ордасына айналды.
Октавиан құрған Преториан гвардиясының институты оның жеке күзеті ретінде, болашақта елдегі толқулар мен төңкерістердің негізгі құралына айналады. Қалған сарбаздарға, тіпті империяның қарапайым тұрғындарына қатысты артықшылықты жағдайына байланысты, преториялықтар елдің барлық дерлік тұрғындарынан қорқып, жек көрді. Бастапқыда преториандықтар тек өте танымал емес және деспотикалық императорларды құлатқанына қарамастан, болашақта олар террордың, ашкөздіктің және азғындықтың қайнар көзіне айналды. Өйткені олар тек халықтың мақұлдауымен империялық титулды алуға болатындығын түсінді.
Преториялықтар негізгі статусқа Марк Аврелийдің ұлы Император Комодустың көмегімен қол жеткізді. Дегенмен император әкесіне тартпады. Барлығынан секемденетін, әдептен аттайтын мінезде еді. Оған мемлекеттің ішкі ахуалына қарағанда ойын-сауық қызығырақ болды. Өзіне қарсылас көріп айналасындағы адамдардың «көзін құртып» , жолын тазартып жүрді. Оның террорының қозғаушы күші преториялықтар болды. Оларға басшы ретінде өте қымбат сыйлықтар берді. Алайда, комод өзінің ең жақын серіктестерінің қастандығының құрбаны болды. Олар билікті тиранның қолында қалдыру мүмкін емес екенін дұрыс түсінді.
Билік көтерілісшілердің өтініші бойынша Марк Аврелийдің жақын досы Пертинакстың қолына өтті. Алайда, преториялықтар жаңа императорға риза болмады. Өйткені император қазынаның бостығына байланысты оларға қымбат сыйлықтар бермеді. Сонымен қатар преториан лагерінде болған тәртіпсіздік пен тәртіптің жоқтығын жойғысы келді. Приториялықтар бір жыл өздерінің статусынан айрылып өмір сүруге шыдамады. Соңында сарайға басып кіріп, императорды өлтірді. Сенаттың әлсіздігін сезінген преториялықтар басшы орнының бос екендігін өз пайдаларына қолданды.Яғни келесі басшы оларға көп ақша беріп, сый-сияпат жасайтын адам болу керек деп шарт қойды. Осылайша олар саяси аренада лауазым үшін аукцион ашқан.
Сол күні императордың лауазымын бай сенатор Дидий Джулиан сатып алады. Оны мұздай қаруланған преториялықтар лезде Сенатқа алып келді. Онда сенаторларды қару-жарақпен қорқытып жаңа императорды таққа бекітуге мәжбүр етті. Осылайша, тақты жасырын сатып алу хикаясы аяқталған.
Айта кету керек, Дидий Юлиан аз уақыттан кейін құлатылып, өлім жазасына кесілді. Өйткені оның сыйлықтар үшін ақшасы таусылды. Ал Римге солтүстіктің басшылығымен поннондық Легиондар жіберілді. Олар осы аукционның нәтижесін қабылдамады және жаңа императорға бағынудан бас тартты.