Bugin
Панама президенттігіне үміткер Димитри Флорес мінген тікұшақ джунглиде апатқа ұшырады. Оқиға сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы REN.TV сайтына сілтеме жасап.
Ұшақ апаты 17 тамызда болған. Саясаткердің бортында тағы бес адам болған, олардың барлығы аман қалды. Тікұшақ апаты туралы Флорестің өзі хабарлады. Сондай-ақ, ол әлеуметтік желілерде көмекке шақыру жариялады.
«Біз осы жерде, тауда 4500 фут биіктікте, Сейбаның артында және Ярамиллоның алдында апатқа ұшырадық. Тікұшақ апатқа ұшырады. Бізге құтқарушыларды жіберіңіздерші, өтінемін. Зардап шеккендердің аяқтары, қолдары сынған», - деді ол.
Кейін апатқа ұшырағандарды Панаманың Ұлттық авиация және теңіз қызметінің қызметкерлері тауып, эвакуациялады, зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.