Bugin
Air Astana авиакомпаниясы «Қазақтелеком» АҚ-ны өзінің call-орталығының нөміріне қоңырау шалуда туындаған мәселелер үшін айыптады. Бұл туралы Bugin.kz порталы kaztag.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
« «Қазақтелеком» тарабынан туындаған техникалық мәселелерге байланысты авиакомпанияның Call Centre телефон нөмірлері бойынша қоңырауларды уақытша қабылдай алмайды», - деп бейсенбіде таратылған әуе тасымалдаушы компанияның хабарламасында айтылған.
Орын алған жағдайға «Қазақтелеком» АҚ – ның сыбайлас жемқорлыққа қатысты проблемалары ыөпал еткен болуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, 13 наурызда Алматыда Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалды «Қазақтелеком» АҚ – ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын ұрлау фактілері бойынша ұсталған еді. Қазір Сатыбалдының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.