Спорт
«ПСЖ» командасының шабуылдаушысы Килиан Мбаппе Франция чемпионаты аясында «Монпелье» клубына қарсы ойында командаластарымен дауласып қалған. Бұл туралы Bugin.kz порталы TNT Sports сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сайттағы дерекке сүйенсек, париждық клуб басшылығы шабуылшымен келісім шарт уақытын созу келісімінде командасы ол үшін ойнайтынын уәде еткен. Бірақ «ПСЖ» футболшылары бұл шешімге қарсы шығып, тек бір футболшы үшін ойнауға келіспеген. Осы себепті Мбапе командаластарымен араздасып қалған.