Bugin
«Оқыс оқиғадан көз жұмды» деген хабарды жиі оқимыз. Расында табан астында туындайтын жағдаяттар адамның аман қалуына мүмкіндік бермейді. Дегенмен адамды өлімінен ажалы арашалайды. Сенбейсіз бе? Онда келесі оқиғалар тізбегімен таныс болыңыз! Bugin.kz сіз үшін оқыс оқиғаның қайғылы емес, бақытты нұсқасын ұсынады!
«Бақ қонған» бас
Фото: therichest3.imgix.net
Балық аулау кезінде 16 жасар Ясер Лопес жарақат алды. Бірақ жағдай біз ойлағаннан күрделірек. Себебі, балық аулауға арналған газ мылтығы (сығылған газ баллонымен жабдықталған және газ есебінен арфун/найза шығаратын қуатты қару) оқыс жағдайда өздігінен 90 сантиметрлік найзаны жігіттің басына атып жіберді. Ясер ауруханаға жеткізгенше есін жоғалтпады. Яғни 90 сантиметрлік найза өскіннің мидың маңызды бөлшегіне әсер етпеген екен. Күрделі ота арқылы найза алынып, Ясер ары қарайғы өмірін сүре береді.
«Жүрексіз» жігіт
2014 жылы 48 жастағы итальяндық мотоцикл апатынан кейін кеуде жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер науқастың жүрек соғысын тыңдай алмайды.Сонда бұл жігітте жүрек жоқ па екен деп ойлауға асықпаңыз. Декстрокардияны (жүректің туа біткен аномальды орналасуы) алып тастағаннан кейін олар зерттеуді жалғастырды. Апат кезінде өкпенің жарылуы нәтижесінде жүрек пен қан тамырлары қозғалып кеткені анықталған. Дәрігерлер кеуде қуысынан ауаны сорып, мүшелері орнына қояды. Ер адам көп ұзамай толық қалпына келді. «Жүрегім ұшып кете жаздады ғой» деп бұл найқас айтса болады екен).
Ми тескен металл
Фото: therichest3.imgix.net
Гейдж 1800 жылдары теміржол саласында жұмыс істеді. Апат болған күні оның бригадасы жарылғыш заттың көмегімен теміржол салумен айналысқан. Қателік салдарынан диаметрі 3 см және салмағы шамамен 6 кг болатын металл тірек ер адамның басына түсіп, мидың сол жақ жарты шарын және бас сүйегінің жоғарғы бөлігін тесіп өтеді. Гейдж ғажайып жағдайда аман қалды және тез қалпына келді. Бірақ жарақаты оның психикасына түзетілмейтін зиян келтірді.