Bugin

5G желілерін іске қосу адамдарды өлтіре ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде 5G форматындағы желілердің орнатылуы тұрғындарды алаңдатуда. Әлеуметтік желі қолданушыларының пайымдауынша, байланыс іске қосылған кезде адамдар кенеттен өле бастайды. Бұл қаншалықты рас? Bugin.kz порталы stopfake.kz жобасына сілтеме беріп төмендегі мәліметті назарларыңызға ұсынады.

«2021 жылдың шілдесінде Еуропалық парламенттің арнайы комиссиясы 5G-дің денсаулыққа әсерін зерттеу нәтижелерін жариялады. Онда мұндай байланыс өмір мен денсаулыққа ешқандай қауіп төндірмейді делінген.Сонымен қатар бүгінгі таңда 5G желілері Қытай, АҚШ, Филиппин, Оңтүстік Корея, Канада және басқа елдерде мыңнан астам қалада жұмыс істеп тұр. Бұл қалалардағы адамдар технология пайда болғанға дейінгідей өмір сүріп жатыр. Елді мекендерде жаппай өлім тіркелмеген.

Сондай-ақ 2022 жылдың шілдесіндегі мәліметтерге сәйкес, 5G желісін орнату, іске қосу немесе инвестициялау бойынша жұмыстар әлемнің көптеген елдерінде жүргізілуде»,-делінген материалда.

Қазақстанда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректері бойынша 5G форматындағы байланыс 2022 жылдың соңына қарай қолжетімді болады. Бірінші кезекте оған Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындары қосылады. Қалған қалаларда желілер 2025 жылға дейін орнатылады. Бұл ретте бұл желілердің жұмысы Қазақстанда пилоттық режимде іске қосылған. Бұл жаппай өлімге әкелген жоқ.

Демек, 5G желілерін іске қосу Жер бетіндегі адамдарды өлтіреді деген ақпарат фейк.