Қоғам

Студенттер есірткі саудасымен айналысқан (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Абай облысында аса ірі көлемде синтетикалық есірткі саудалаумен айналысқан студенттер ұсталды. Бұл туралы Bugin.kz порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  

Семей қаласының маңында есірткі сатушыларды ұстау операциясы жүргізілді. Абай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психотроптық заттарды заңсыз сатты деген күдікпен жергілікті колледждердің 18 жастағы үш студентін құрықтады.  

Күдіктілер Telegram арналар және интернет сайттар арқылы психотроптық заттарға тапсырыс алып Семей қаласының аумағында таратып келген.  

Тінту шараларын жүргізу кезінде «сатушылардан» полиэтиленге оралған 34 дана есірткі түйіншектері тәркіленді. Салмағы 13 грамм болатын ақ ұнтақ Альфа-PVP синтетикалық есірткісі болып шықты. 

Аса ірі көлемде есірткі өткізу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.