Қоғам
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматыда өртеніп жатқан үйде қамалып қалған құтқарылды. Бұл туралы Bugin.kz порталы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«18 тамызда сағат 07:59-да ТЖД пультіне Жетісу ауданы, Венецианова көшесі, 65-үй мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Мамандандырылған отрядтың бірінші бөлімшелері келгеннен кейін жеке тұрғын үйге жалғанған шатыр бөлмесі бар жалпы ауданы 80 шаршы метр уақытша ғимараттың шатыры жанып жатқаны анықталды. Жалын бірнеше минут ішінде бүкіл тұрғын үйді шарпыуы мүмкін еді. Куәгерлердің айтуынша, үйде ешкім болмаған. Алайда өрт сөндірушілер барлау және өртті сөндіру барысында бірінші қабаттағы құлыптаулы үйден 2008 жылы туған қыз баланы тауып алды», - делінген хабарламада.
«Улы түтін бөлмеге аз уақыт ішінде таралған. Шошынып қалған қыз бір ауыз сөз айта алмады. ПЧ-8 өрт сөндірушілері мен арнайы жасақ жасөспірімді қауіпсіз жерге жеткізіп, жеткен жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Қабылданған жедел шаралармен өрт 19 минутта оқшауланып, сағат 8.36-да толығымен жойылды. Дәрігерлер жасөспірімді тексерді, қазіргі уақытта қыздың өмірі мен денсаулығына ешнәрсе қауіп төндірмейді», - деп атап өтті ТЖД.
Өртті сөндіруге 9 бірлік техника, мамандандырылған отрядтың 36 адамы жұмылдырылған.
Видеоны сілтеме арқылы көре аласыз.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61