Спорт
Түркияның Конья қаласында Ислам ынтымақтастығы ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бесінші рет өтіп жатқан додада қазақстандық спортшылар 89 медаль еншіледі. Оның ішінде 27-і алтын, 23-і күміс, 39-ы қола.
Жалпы командалық есепте Түркия, Өзбекстан, Иран және Әзербайжан құрамалары алғашқы төрт орынды өзара бөлісті.
Айта кетейік, Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді.