Спорт
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның әкесі Андрей Рыбакин қызының әлемнің бірінші ракеткасы болу мүмкіндігіне баға берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қазіргі уақытта ол допты бәрінен де жақсы береді, бірақ әзірге бұл ештеңе білдірмейді. Егер бұған оның амалсыз қателерді әлдеқайда аз жіберуге тырысатыны қосылса, онда бірінші орын үшін күресуге болады. Мұндай мақсат бар. Біз оған сенеміз", - деді ол.