Әлем

«Аузыңды жап»: Солтүстік Корея Оңтүстік Корея президентін қатаң сынады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның әпкесі, Кореяның Еңбек партиясы Орталық комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары Ким Е Чжон Оңтүстік Корея президентінен ядролық қарусызданудың орнына экономикалық көмек беру туралы мәлімдемесінен басқа «ештеңе айтпауын» талап етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Ким Е Чжон КХДР түбектің ядролық қарусыздануына жауап ретінде экономикалық және технологиялық көмек көрсететін Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ел ұсынған «батыл бастамаға» ешқашан келіспейтінін айтты.

«Бос сөз сөйлеуді доғарса жақсы болар еді. Ол экономикалық ынтымақтастықты солтүстіктің құрметіне және ядролық қаруға айырбастай алады деп санайды. Ешкім өз тағдырын жүгері тартилласына айырбастамайды», - деді Ким Е Чжон KCNA мемлекеттік ақпарат агенттігі жариялаған мәлімдемесінде.

Сонымен бірге, Солтүстікпен қарым-қатынасты қадағалайтын Оңтүстік Кореяның бірлестік министрі Квон Ен Се бұл түсініктемелерді «құрметсіздік пен әдепсіздік» деп атады.

«Мен Ким Е Чжонның біздің Президентімізге айтқан құрметсіз және әдепсіз сынына қатты ренжулімін», - деді министр.