Bugin
Білім министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді іс-шараларда массовка ретінде пайдалануды тоқтатуды айтты. Бұл туралы Buginkz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Маңызды бағыт - бұл іс-шараларда педагогтарды жаппай қолдануды тоқтату. Барлық іс-шаралар педагогтардың міндетті қатысуымен өтеді. Менің ойымша, біз мұндай әділетсіз тәжірибені іс жүзінде тоқтатуымыз керек. Мұғалімдерді өзіне тән емес функциялардан, аулаларды тазартудан босату бойынша шаралар қабылдадық. Қазірдік өзінде үй аралап, есіктің алдында тұрып балаларды тізімдеуді ұмыттық десек болады.
Мұғалімдер Мемлекет басшысының қолдауымен өзіне тән емес есептер мен функциялардан босатылды. Енді министрліктің бұйрығына сәйкес педагогтар күн сайын тек екі құжатты толтыруы тиіс. Бұл тектес жұмысты біз әрі қарай да жүргіземіз », - деді Аймағамбетов тамыз конференциясы барысында.
Министр директорлардан сенбіде әдістеме күндерін өткізбеуді немесе «басқа да жолмен мұғалімдерді жұмысқа шақыруға тырыспауды» сұрады.