Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБразилия лидері өз резиденциясының жанындағы жақтастарының алдында сөйлеген. Осы уақытта блогер Уилкер Леао президент пен өзін қоса видео түсірген. Видеода ол президентті «қорқақ, жалқау» және «көрінгеннің ермегі» фракциясының сүйіктісі деп атады.
ABC News телеарнаның хабарлауынша, Болсонару блогерге мән бермей көлігіне отырады. Бірақ кейіннен шыдамай көлігінен түседі. Блогермен конфликті басталғанда, күзетшілер блогерді ұстап әкетеді.
Президент: «Оны түсірмеңіз, түсірмеңіз! Бұл оның құқығы (наразылық білдіру), бірақ ол дөрекілік танытты», — деді өз жақтастарына.
Оқиғадан кейін Болсонару мен Леао бес минут сөйлесті, содан кейін Бразилия басшысы көлігіне жайғасқан.
Бұған дейін, 24 шілдеде, Болсонару ресми түрде Рио-де-Жанейродағы либералды партияның съезі кезінде республика басшысы лауазымына қайта сайланғаны туралы хабарланған болатын.
Оқиға видесын мына сілтемеден көре аласыздар.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61