Bugin

Тағы да әскери қызметші қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2022 жылғы 17 тамызда Атырау облысында Мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде қызметін өткеріп жүрген Шекара қызметінің әскери қызметшісі Ерғалиев Нұрбек қайтыс болды. Бұл туралы ҰҚК-нің шекара қызметі хабарлады.

«Сот-медициналық сараптау нәтижесі бойынша «кенеттен болған жүрек өлімі» анықталды.Әскери қызметшінің өлімі фактісіне қатысты тергеу органдары қылмыстық іс қозғады.

ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы әскери қызметшінің туғандары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, қаза тапқан адамның отбасына қажетті көмек беру шараларын қабылдауда»,-делінген мәлімдемеде.