Қоғам
Назарбаев Университетінің студенті Адина TikTok-та бейнежазба жариялап, Назарбаев Университетінің профессорлық-оқытушылық және техникалық қызметкерлері тарапынан бірнеше рет зорлау әрекеті болғанын, сондай-ақ жоғары курс студенттерінің кіші курс қыздарына қысым көрсеткендерін мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz порталы orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бейнежазба әлеуметтік желілерде кеңінен таралды. Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі студенттің бұл мәлімдемесі шындыққа жанаспайтынын айтса, бірі Назарбаев Университетін шұғыл тексеру керектігін айтты.
Бұл бейне жолдау «Есіл» ауданының полиция басқармасында тіркелген. Полиция қызметкерлері қазір тексеру жүргізіп жатыр, – делінген полиция хабарламасында.
Бейнежазбаны сілтеме арқылы көре аласыз.