Bugin

Тоқаев пен Путин қандай келіссөз жүргізді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Тоқаев пен Путиннің жеке келіссөздері туралы айтты,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиде ұзаққа созылған жеке кездесудегі келіссөздің қорытындысына көңілі толатынын жеткізді. Мемлекет басшысының пікірінше, келіссөз өзара сенім әрі іскерлікпен ерекшеленген айырықша достық атмосферада өтті.

Президент сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастыққа, екі елдің халықаралық аренадағы өзара іс-әрекетіне қатысты барлық мәселелер жан-жақты талқыланғанын атап өтті. Мемлекеттер басшылары өздерінің деңгейіндегі уағдаластықтарды екі ел үкіметтерінің тұрақты түрде жүзеге асыруы маңызды деп түсінеді», - деп жазды ол.

Сондай-ақ, Руслан Желдібай Президенттер тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға келіскенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құрметі мен қонақжайлығына шынайы ризашылығын білдірген.