Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comРесейдің Ульяновск облысындағы тас жолда жол апаты салдарынан 14 қырғызстандық қаза тапты. Бұл туралы Қырғызстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, жүк көлігі тоқтап тұрған шағын автобусты соққан. Салдарынан ол екі жүк көлігінің арасында қалып қойған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 16 адам қаза тапты, оның 14 - қырғызстандық, екеуі - ресейлік. Ауруханаға жатқызылған үш адамның азаматтығы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61